Бір белдеу-бір жол. Деректер,ойлар,тұжырымдар

Шығыс әдебиеті баспа компаниясы
4500,00
тг.
Аталған кітап қамтыған географиялық кеңістік – Азия-Еуропа атты жаңа континенттік көпір түскен елдер, Арктикадан Үнді мұхитына дейін және Тынық мұхиттан Балтық теңізіне дейінгі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер – бір-бірімен белсенді түрде қарым-қатынас орнатқан кең байтақ жер. Кітапта Қытай мен Орталық Азияның достық байланысының мың жылдық тарихы баяндалып, «Бір белдеу – бір жол» тұжырымдамасының негізін құрайтын мәдени аспектілері көрініс тапқан; еңбекте өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік, өзара кеңес алмасу, мәдени әртүрлілікке құрмет көрсету мен ортақ дамуға талпыну қасиеттері тән «шанхайлық рухтың» тарихи қалыптасуы туралы айтылады. Қазақ тіліне аударылған еңбек Қытай мен шет елдердің мәдениеті туралы танымдық ақпаратқа толы, автордың қаламынан туындаған қытай стиліндегі суреттермен безендірілген. Бұл кітап Қытай және Орталық Азия елдерінің мәдениетімен жақын танысуға ынталы жандарға және қытай тілін үйренушілерге тамаша көмекші құрал болмақ.