«Си Цзиньпин ұнатқан нақыл сөздер» – Қытай халық республикасы төрағасы Си Цзиньин өзінің көпшілік алдындағы баяндамасында, мақалалары мен сұхбатында жиі айтатын қанатты сөздер, ежелгі аңыздар, тарихи және философиялық еңбектерден келтіретін дәйексөздер. Кітаптағы дәйексөздер негізінен іскерлік, адалдық, әділдік тақырыбына арналған. Бұл нақыл сөздер Си Цзиньпиннің мәдени танымының тереңдігі мен кеңдігін, оның халыққа жақындығы мен Отанға махаббатын білдіріп, Қытайдың көпқырлы дәстүрлі мәдениетінің негізін қалайтын дәуірдің терең мәні мен құндылығын айқын көрсетеді. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.