Әдеби достық шуағы 18 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ-қытай әдеби байланысын әспеттейтін «Әдеби достық шуағы» атты халықаралық іс-шара өтті. Кездесуді ұйымдастырған Қытайдағы «Шыңжаң газеті» редакциясы мен Қазақстандағы «Көршілес» журналының редакциясы, «Бейжің Шанс халықаралық мәдени алмасу» ЖШС, «Шығыс әдебиеті баспасы, ҚР Ұлттық кітапханасы. Кездесуді ақын, аудармашы Саят Қамшыгер жүргізіп, алғашқы сөзді алған Алматыдағы Қытай бас консулдығының вице-консулы Люй И мырза іс-шараның маңызына тоқталып, әдеби-мәдени байланыстарды қолдайтынын білдірді. Ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов қазақ-қытай мәдени байланыстары, атқарылып жатқан әдеби жобалар, танымал қаламгерлердің шығармалары жайлы сөз қозғады. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы сөз сөйлеп, екі жырын оқыды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан келген ғалым, қытайтанушы Қайрат Ғабитханұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ержан Керімбаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жолдыбай Мұзафаров екі халықтың әдеби-мәдени байланыстары жайлы сөйледі. Жетігенші Тұрсынай Әлібекқызы қазақтың ұлттық әуендерін тамылжыта орындаса, дәстүрлі әнші Мадияр Өмірғалы «Дударай» әнін шырқады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Таң дәуірі поэзиясын, Либайдың жырларын мәнерлеп оқыды. Іс-шараны «Шығыс әдебиеті» баспасының басшысы Жеңіс Омар қорытындылады. 18 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ-қытай әдеби байланысын әспеттейтін «Әдеби достық шуағы» атты халықаралық іс-шара өтті. Кездесуді ұйымдастырған Қытайдағы «Шыңжаң газеті» редакциясы мен Қазақстандағы «Көршілес» журналының редакциясы, «Бейжің Шанс халықаралық мәдени алмасу» ЖШС, «Шығыс әдебиеті баспасы, ҚР Ұлттық кітапханасы. Кездесуді ақын, аудармашы Саят Қамшыгер жүргізіп, алғашқы сөзді алған Алматыдағы Қытай бас консулдығының вице-консулы Люй И мырза іс-шараның маңызына тоқталып, әдеби-мәдени байланыстарды қолдайтынын білдірді. Ақын, журналист, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов қазақ-қытай мәдени байланыстары, атқарылып жатқан әдеби жобалар, танымал қаламгерлердің шығармалары жайлы сөз қозғады. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы сөз сөйлеп, екі жырын оқыды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан келген ғалым, қытайтанушы Қайрат Ғабитханұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ержан Керімбаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жолдыбай Мұзафаров екі халықтың әдеби-мәдени байланыстары жайлы сөйледі. Жетігенші Тұрсынай Әлібекқызы қазақтың ұлттық әуендерін тамылжыта орындаса, дәстүрлі әнші Мадияр Өмірғалы «Дударай» әнін шырқады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Таң дәуірі поэзиясын, Либайдың жырларын мәнерлеп оқыды. Іс-шараны «Шығыс әдебиеті» баспасының басшысы Жеңіс Омар қорытындылады.