Гао Цзялинь — ауыл мектебінің мұғалімі, өз ісін жан-тәнімен сүйетін қабылеті мол жас жігіт. Алайда жергілікті бай шаруаның ұлына жұмыс орны қажет болғандықтан, оны күтпеген жерден жұмыстан шығарады. Әділетсіздікке жаны күйсе де, басқа шарасы болмаған жігіт қарт әке-шешесінің мойнына масыл болмау үшін егістікке жұмысқа шығуға мәжбүр болады. Жігіттің жабырқау көңілін жадыратып, жан жарасын жеңілдетуге шын жанашыры болған Цяочжэньнің кіршіксіз адал махаббаты ғана көмектесе алады. Дегенмен бір-ақ сәтте бәрі өзгеріп шыға келеді. Цзялинь қалаға басқа қызметке ауысып, белгілі журналист болып, дәулетті ару қызға көңілі ауады. Алайда жігіт алдында тағдырдың әлі қандай тосын сыйлары боларынан бейхабар. Кітап көпшілік оқырман қауымына арналған.