Қарапайым әлем

Шығыс әдебиеті
9800,00
тг.
Қарапайым әлем Қытайдың әйгілі жазушысы Лу Яодың бірегей туындыларының бірі. Оқиға 1975 жылы үлкен Сунь әулеті өмір сүретін Қосөзен ауылында басталады. Иә, бұл өмірді бақытты деу қиын – отбасы мүшелері кедейлікпен күнелтіп, бастарына үйірілген қара бұлт еш сейілмей қойды. Отбасының кенжесі Шаопин басқа өмірді аңсайды: алыстан қала шамдары көмескілене жалт-жұлт ететін өмірге әуес. Әрі арманына жету үшін ерінбей-жалықпай, жанқиярлықпен еңбек етуге дайын. Осы азапты да ауыр жолда ол алғашқы махаббатың асқақ та албырт бақыты мен алғашқы айырылу дәрменсіздігінің ащы дәмін татады, қуаныш пен қайғыны, сәттілік пен жеңілісті бастан кешеді. Алайда өмір соқпақтары оны қай жақтарға апарып тастаса да ең басты қасиеті – жігерлілігін, мейірімділігін, жанқиярлығын, отбасымен және туған жерімен рухани байланысын ешқашан жоғалтпайды.