«Әсем көріністі өлке» Автор: Ван Мэн. 1-2-том.

Шығыс әдебиеті баспа компаниясы
12000,00
тг.
«Әсем көріністі өлке» – Ван Мэннің 1960-1970 жылдары Шыңжаңдағы ауылдық жерге жіберіліп, жұмыс істеген кезінде жазған романы.
Романда ауыл адамдарының тұрмысын суреттеудің шеберіне айналған жазушы оларды әр түрлі образдарда бейнелей отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылыққа толы мінездерін шиеленісті оқиғалар арқылы ширатып отырады.
Романда қытай мен ұйғыр халқының ерекше тарихи кезеңдегі өмірі, сонымен қатар екі ұлт халқының өзара ынтымақты бірлік жағдайындағы тыныс-тіршілігі шынайы көрініс тапқан.
Романның сюжеті қат-қабат тартысты қайшылықтар мен шиеленістерге толы.
Оқиға желісі оқырманды қызықтырып отырады, кейіпкер образдары автор қолтаңбасына лайықты сөз сиқырын, сөз өнерінің мәйегін ашып, жергілікті тіл ерекшелігіне тән әзіл-оспақ, әжуа, мысқыл арқылы қайталанбас көркемдік сипатқа ие болған.
12000 тг