«Қытай тарихындағы ғылыми өнертабыстар»

Шығыс әдебиеті баспа компаниясы
7560,00
тг.
Қытай адамзат өркениетінің аса маңызды тапқырлықтарының, соның ішінде ежелгі Қытайдың төрт өнертабысы: қағаз, оқ-дәрі, тұсбағдар және кітап баспасының (ксилография және терілетін шрифтердің) отаны саналады. Қытайлықтар тағы механика, гидравлика, уақыт өлшеу қосымшасындағы математика, металлургия, астрономия, ауыл шаруашылығы, механизмдерді құрастыру, музыка теориясы, өнер, теңізде жүзу және соғыс жүргізу тәсілдері саласында бірегей технологияларды ойлап тапқан. Қытай мәдениенің әлем мәдениетіне қосқан үлесі орасан. Мысалы, мың жылдар бұрын қағаз бен жазуға қажетті сияны ойлап тапқан. Шамамен сол дәуірде Қытайда жазу-сызу да қалыптасады. Елдегі қарқынды даму дәл сол жазу-сызудың пайда болуымен басталады.
Алайда Қытай мәдениеті қандай болмасын, бүгінде ол басқа да ұлы мәдениеттер сияқты бүкіләлемдік мәдениеттің игілігі саналады. Кітапта авторлар Қытайдың бай тарихы жайлы баяндай отырып, осындай мәдени игіліктері, таңғажайып өнертабыстары жайлы мәліметпен бөліседі.
Кітап жалпы оқырман қауымына арналған.