2010 жылдың мамырындағы Шыңжаңға көмек көрсету жөніндегі іскерлік жиыннан соң, мемлекет елдің бүкіл күш-қуатын Шыңжаңға көмек көрсетуге жұмылдыруға шақырып, Қытай тарихында алғаш рет «Қоныстандыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту жобасын» жоспарлы түрде Шыңжаңдағы 14 облыс және 89 өңір мен қалаларда жүзеге асыруды қолға алды. Бұл жоба шыңжаңдықтарға көмек көрсетудің басты «майданына», құрылыс және жоспарлау тобының негізгі «мақсатына» айналды. Шанхайдан Шыңжаңға көмекке келген сегізінші жұмыс тобы атқарған жобаның мән-жайынан жан-жақты мағлұмат беретін журналистік зерттеу мақалалар, публицистиканың басты қағидасы шындық тұрғысынан суреттеледі. Қоғам үшін зор мәні бар тақырыптың саяси, экономикалық, мәдени, моральдық қыр-сыры молынан ашылады.