«Түлкішек» кітабында балалар мен ересектердің тілімен қытайлық бүлдіршіндердің өмірі, армандары мен шытырман оқиғасы баяндалады. Бала қиялы шығыс даналықтарымен ұштасып, қарапайым қытай қаласындағы өмірде болса пәк көңілді бала көзіне ғана көрінетін ғажайыптар кездеседі. Мұндағы ормандарда таңғажайып жануарлар өмір сүріп, көк аспанда айдаһарлар шарықтайды. Кітаптағы тараулар жан-жануарларға, балалар ойыны мен шытырман оқиғаларға, ата-ана мен әже-аталарға, тылсым Қытайдың тарихы мен аңыз, ертегілеріне арналған.