Тарих бедерінен алғанда, Қытай дәстүріндегі тың ойлар мен нақты тәжірибелерді жаңа жағдайда пайдаланып, жетілдіруге мүмкіндік мол. Түрлі ежелгі кітаптардағы даналық сөздерді жиі оқып, түрлендіріп, назар сала зерделеп отырған маңызды. Аталған құнды жауһарлар арасындағы даналық ойлар зерттеу мен түсіндіруге құлшындырып, шығармашылық шабыт сыйлайтыны айқын. Осынау дүниелерді дәуір құндылығына айналдыру – ел басқару даналығын байытады. Бұл кітапта Қытайдың ғасырлар тереңінен жеткен ел басқару жүйесі кеңінен сөз болады. Кітап саясаттанушылар мен тарихшыларға, жалпы көзі қарақты оқырмандарға арналған.