Біздің баспадан жарық көрген тағы бір кітап – қытай дипломаты Фың Ишудың «Қылқалам арқауы – Жібек жолы» кітабы. Ұлы Жібек жолы – халықтар достығының ұлы дастаны. Ғасырлар бойы Қытай осы жол арқылы түрлі елдермен байланысын орнатқан. Бүгінде аталған ежелгі жол көз алдымызда қайта жандануда. Қытай елшісі Фың Ишу өз еңбегінде Қытай мен Еуразия елдері арасындағы берік достық жайлы әңгімелеп, жалпы естеліктер қазіргі кезеңдегі ынтымақтастықты бұрынғыдан да нығайта түскенін айтады.